Бірнеше облыста оқушылар арасында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше облыста оқушылар арасында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелуде

27.09.2020

COVID-19 коронавирусы мен соған ұқсас пневмония бойынша соңғы ақпар: COVID-19 вирусы ПТР тесті бойынша өткен тәулікте 64 адамнан анықталды, ресми дерек бойынша наурыздан бері жалпы саны 107 723. Сондай-ақ, өткен тәулікте 136 адам емделіп шыққан, жалпы емделіп шыққандар 102 666, қайтыс болғандар 349.  

Ал коронавирустық белгісі бар пневмония бойынша өткен тәулікте 229 науқас тіркелген, 2 адам қайтыс болған, 71 адам емделіп шыққан. Коронавирусқа ұқсас пневмония тамыздан бері хатталады, тиісінше, сол уақыттан бері тіркелгендер саны 32 452, қайтыс болғандар 349.

Мән беретін дерек - Шығыс Қазақстан облысында алдымен 1 оқушының коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тарап, оны Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері де растаған. Ал бейсенбіде аталған облыстағы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары COVID-19 жұқтырған балалардың саны облыста төртеу екенін мәлімдеді. Және бұл фактілер оқу жылы басталғанан тіркелген. Алайда ақпаратты әдейі жасырды ма, әлде мамандардың салғырттығы ма, қыркүйектің соңына қарай белгілі болды. Ал жұмада құзырлы органдар жаңа оқу жылының басынан Павлодар облысында 9, Солтүстік Қазақстан облысында 20 оқушының коронавирус жұқтырғанын жария етті.

Болғанды жасыру, барды жоқ, жоқты бар деу – жұртшылықтың ызасын келтіретін дерттер. Ал мектепке барып жүрген оқушылардың вирус жұқтырғанына байланысты жалпы қауіпті вирусқа қатысты деректердің уақытында хабарланбауы жұмсартып айтқанда мүлдем дұрыс емес.


Хабарламаларға жазылу