Әскери кафедраларға түсушілер үшін медициналық комиссиядан өту мерзімі 10 қазанға дейін ұзартылды. Бұған жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірушілердің көптеп келуі себеп болып отыр.
Айта кетейік, республикалық жоғары оқу орындарында 35 әскери кафедра жұмыс істейді. Жыл сайын 6000-ға жуық запастағы офицерлер шығарылады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап комиссиядан мыңнан астам кандидат студент өткен болатын. Медициналық тексеру күн сайын сағат 14-тен 18-ге дейін жүргізіледі.
Лунара Бекбосын