Алматыда тек ескі үлгідегі Mercedes көліктерін ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды. Топ басшысы 50 жастағы қала тұрғыны. Белгілі болғандай, ол бұған дейін дәл осындай әрекеті үшін сотты болған. Күдікті жымысқы істерін Қарасай ауданының 32 жастағы азаматымен бірге жүзеге асырып келген. Қазір екеуі де қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
- Бүгінгі таңда осы азаматтардың іс-әрекеті Қылмыстың кодекстің 188-бабының 3-тармағы бойынша саралануда. Қылмыстық істер қозғалды. Азаматтардың тағы да бес қылмысқа қатысы бары дәлелденді.
Қуан Нұрақын