Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова America's Got Talent байқауында жеңіліп қалды.
Таланттар шоуында 1-орынды Брендон Лейк атты қатысушы алып, 1 млн доллар жүлдеге ие болды.
Жалпы, бұл байқаудың соңғы шешуші кезеңінде 10 әнші бақ сынаған еді. Данэлия Төлешова АҚШ-та бір тәулікке созылған дауыс беру нәтижесі бойынша үздіктер қатарына енді.