Қазақстанда кәсіпкерлерге 3% несие берумен айналысатын қор құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда кәсіпкерлерге 3% несие берумен айналысатын қор құрылды

23.09.2020
Қазақстанда кәсіпкерлерге 3% несие берумен айналысатын қор құрылды

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ құрылды, деп хабарлайды ИИДМ.

Қор Индустриялық даму және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының қаржы операторы – «ДБ-Лизинг» АҚ базасында құрылды.

«Қорды құру өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қор отандық кәсіпорындарды 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады», делінген хабарламада.

Қор қызметінің негізгі басымдығы ағымдағы жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру болады.


Хабарламаларға жазылу