Қазақстанда экспорттық-кредиттік агенттік құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда экспорттық-кредиттік агенттік құрылады

13.09.2023

Қазақстанда экспорттық-кредиттік агенттік құрылады. Салада бұған дейін «Қазақэкспорт» ғана жұмыс істеген. Ол шетелге кеткен тауарды сақтандырумен айналысатын. Ал жаңа агенттік сақтандырудан бөлек, кәсіпкерлерге субсидия бөлу жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл Ресей, Венгрия, Аустралия және Үндістан тәжірибесінен алынған. Нәтижесінде шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 2025 жылға қарай 40 млрд АҚШ долларынан асады деген болжам бар.

Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі:

Қазақстанда тұрып, кез келген өнім өндіретін кәсіпкер ана Германияға бір тауарды жеткізді делік, логистиканың өзі өте қымбат. Бір фураның өзіне 3 мың еуро төлеуі мүмкін. Енді осы агенттіктің аясында белгілі бір мөлшері өзіне қайтара алады. Яғни, субсидия ала алады. Біздің кәсіпкерлер үшін үлкен мотивация.


Хабарламаларға жазылу