Елде және жаһандық деңгейде дінаралық диалог идеясын ілгерілетуге баса мән беріліп отыр. Бұл туралы Сенат Төрағасы Бас мүфтимен кездесуінде айтты. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев пен Наурызбай қажы Тағанұлы қоғамдық келісімді нығайту мен түрлі конфессия өкілдері арасында тиімді байланыс орнатудың маңызына тоқталды. Сенат Төрағасы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен де кездесті. Мәулен Әшімбаев православ шіркеуі Қазақстанда қоғамның рухани дамуы жолында үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Нысаналы Ығыл