Жарқайың ауданында үй құстары қырылып қалды. Сараптама нәтижесі ауруды растап отыр.
Ермек Елберген, тілші:
- Ақмола облысында құс тұмауы Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылында тіркелді. Елді мекенде 200-ге жуық құс қырылып қалған. Сондықтан ауыл карантинге жабылуы мүмкін. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Құстардың қырылу дерегі Егіндікөл, Астрахань және Атбасар аудандарында да тіркелді. Әр ауданда 20-30 құстан өлді деген ақпарат бар. Сынамалар алынып, сараптама жолданған. Облыс тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігіне вакцина бөлу жөнінде сұрау жіберілді. Екпе бірер күнде жеткізілмек.