Осымен тоғызыншы жыл ерке Есілдің бетінде серуен кемелері жүзіп жүр. Бүгінде Астана қонақтары оған мінбей кетпейді. Қызмет көрсету сапасы да жыл сайын жақсарып келеді. Қауіпсіздік те назардан тыс қалмау керек. Фариза Қалимурзина биылғы маусымның алғашқы жолаушыларының қатарында болып, қызмет пен қауіпсіздікті бағалап келді.