Алты жылда елдегі ақылы жолдарды 45%-ға жеткізу жоспарлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алты жылда елдегі ақылы жолдарды 45%-ға жеткізу жоспарлануда

14.09.2020

Алты жылда елдегі ақылы жолдарды 45%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Республикалық маңыздағы бағыттардың жағдайын толықтай жақсартып, 1-ші және 2-ші техникалық деңгейдегі тас жолды көбейту мақсаты тұр. Бұл туралы Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ осы 6 жыл аралығында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 11 мың шақырым жол салынады. Тағы республикалық маңыздағы соншама қашықтыққа толық және орташа жөндеу жүргізілмек. 

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу