Петропавлда желтоқсан айынан бастап жолақы қымбаттамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда желтоқсан айынан бастап жолақы қымбаттамақ

14.09.2020

Петропавлда жолақысы қымбаттауы мүмкін. Автобустарда электронды жүйе арқылы төлейтіндер үшін сол бұрынғы тариф сақталады. Яғни, ересектер 80, балалар 40 теңгеден есеп айырысады. Ал, қолма-қол ақшамен есеп айырысса, ересектер 130, балалар 65 теңгеден төлейді. Қаулыға сәйкес 1-ші желтоқсаннан бастап электронды жүйеге көшу жоспарланған. 

Асқар Хабибуллин, қала әкімінің орынбасары:

- Электронды билет беру жүйесін енгізу барысында дифференциалды тариф енгізіледі. Бұл - Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында қолдалынатын тәжірибе. Осының арқасында күн сайынғы жолаушылар санын анықтай аламыз. Сондай-ақ, валидатор істемей қалған жағдайда жолаушы тегін жүреді. Жалпы, жыл соңына дейін 100 автобус сатып алу көзделген. 

Сағындық Сәбитұлы 

Хабарламаларға жазылу