Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорды қабылдады

10.09.2020

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурорды қабылдады. Ғизат Нұрдәулетов шағын және орта бизнестің заңды құқығын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бүгінде елімізде әкімшілік хаттамалардың 73 проценті электронды түрде жүргізіліп жатқанын да тілге тиек етті. 

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасымен кездесті. Жақып Асанов судьялардың кәсіби дәрежесін көтеру мен қоғамның сотқа деген сенімін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Қазіргі таңда ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында сот жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды істер атқарылып жатыр, - деді Жоғарғы сот төрағасы.

Хабарламаларға жазылу