Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады

02.06.2020

Алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов елдегі заңдылықтар мен құқықтық тәртіп жайында есеп берді. Оның айтуынша, Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейі төмендеген. Сонымен қатар ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастыра беруді тапсырды.

Айбек ҚОБДАБАЙ


Хабарламаларға жазылу