Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады

10.09.2020

Әлемде мұнай тағы арзандады. Оның Brent маркасының бағасы 0,36 пайызға төмендеп, баррелі 40,43 долларға сатылып жатыр. Ал америкалық WTI сұрыбының нарқы 0,44 пайызға түсіп, 37,61 долларға бағаланды. 

Көмірсутегі құнының құлдырауына коронавирустың қайта өршуі себеп. Инвесторлардың болжамынша, бұл індеттің кесірінен энергетикалық ресурсты тұтыну бәсеңдеп, мұнайға сұраныс азаюы мүмкін.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу