Грекияда мигранттар лагері өртеніп, 13 мың босқын далада қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда мигранттар лагері өртеніп, 13 мың босқын далада қалды

10.09.2020

Грекияның Лесбос аралындағы ең үлкен мигранттар лагерінде екі алапат өрт болды. Соның салдарынан 13 мыңдай босқын далада қалды. 

Жүздеген бала эвакуацияланып, тағы 400-дей жеткіншекті қауіпсіз жерге көшіру жоспарланып отыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

Апат лагерде коронавирус жұқтырған 35 адам анықталған соң басталды. Болжам бойынша, шатырларды қауіпсіздік шараларына көңілі толмаған мигранттардың өздері өртеп жіберген. Қазір ел билігі босқындарды орналастыру үшін Еуропа елдерінен көмек сұрап отыр. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу