Мексикада мигранттар лагері өртеніп, 39 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада мигранттар лагері өртеніп, 39 адам қаза тапты

28.03.2023

Мексикада мигранттар лагері өртеніп, 39 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға елдің солтүстігіндегі Сьюдад Хуарес провинциясында болды. Тағы 29 адам жараланған. Оларды ауруханаларға жеткізуге еріктілер тобы көмектесіп жатыр.

Жалпы алғанда, өрт алдында бұл мекемеде 68 адам болған. Олар – Орталық және Оңтүстік Америка тұрғындары.

Лагердің неліктен отқа оранғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Айта кетсек, бұл апат Мексикадан АҚШ аумағына өтемін деген мигранттар саны рекордтық деңгей жеткенде болып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу