Коронавирустың екінші толқыны қашан басталады – ДСМ болжам жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың екінші толқыны қашан басталады – ДСМ болжам жасады

10.09.2020

Қазақстан инфекцияның екінші толқынына дайындықты күшейтті. Өйткені әлемнің бірқатар елінде вирус қайтадан күш алып жатыр. Қазір Қазақстанда коронавирустың тәуліктік өсімі 0,1 пайыз. Бұл - көрші елдермен салыстырғанда анағұрлым төмен. Айталық, ТМД елдерінде өсім 0,5 пайыз. Дегенмен алда қауіпті кезең келе жатыр. Сол себепті, дайындық ширай түсті. 

Сонымен 71 мыңнан астам төсек орындары жабдықталып жатыр. Бұл қазіргіден 7 есеге көп. 3,5 мыңнан астам мобильді топ жасақталған. Өкпені жасанды желдетуге арналған 5000 құрылғы жеткізіледі. 

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: 

- Біз қазір болжам жасап жатырмыз, жағдайды бақылап отырамыз. Дәл болжамдар екі апта ішінде жасалады. Қазіргі күнделікті көрстекіш әртүрлі. Дегенмен, қараша-желтоқсан айларында науқастар саны өсуі мүмкін. Бұл екінші толқынның болуымен байланысты, сондай-ақ жедел респираторлық инфекция мен тұмаудың да белең алатын кезі. 

Қазақстан сонымен қатар коронавирусқа қарсы екпенің 5,5 млн дозасын сатып алады. Қазір осыған байланысты бірнеше елдермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бірақ әзірге нақты қай елдің вакцинасын алатыны белгісіз. Белгілісі – алдымен сапасына мән беріледі. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу