Коронавирустың екінші толқыны күзде қайталануы мүмкін

11.05.2020

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көпжасаров бүгін әлеуметтік желіде осындай болжамымен бөлісті. Мұны ол халықаралық сарапшылардың сөзіне сүйене отырып мәлімдеді. Әлем елдері індетті толықтай жойған жоқ. Оған қарсы күрес жалғасуда. Сондықтан медицина мамандарының кеңесін ескеру маңызды. Коронавирус кей адамдарға белгісіз жағдайда жұғуы әбден мүмкін екенін айтады мамандар. Себебі Covid-19 мутацияға ұшырауы ықтимал. Сондай-ақ ағзасы вирусқа сезімтал адамдарға да жылдам жұғатыны анықталған. Адамдардың сақтық шараларына селқос қарамай, әркез қорғаныш құралдарын қолдануы маңызды.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу