СҚО-да кезінде уран өндірілген шахталар қараусыз жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да кезінде уран өндірілген шахталар қараусыз жатыр

10.09.2020

Солтүстік Қазақстан облысында жұмысын тоқтатқанына бірнеше жыл болған 6 уран кеніші ашық жатыр. Олар Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарында орналасқан. Экологтар алдыңғы жылдары радиациялық фон нормадан асып кеткенін айтқан болатын. Кей кеніштер көмулі күйінде қалса, кейбіреулерінің қирандылары сол қалпы қоршалмаған. 

Арнайы белгілер қойылмаған. Бұл жайында жергілікті атқарушы органдарға тапсырма 2018 жылы берілгенімен, әлі күнге қараусыз қалып отыр. Айтуларынша, кеніштің аумағы ауданның коммуналдық меншігіне өтпегендіктен, қандай да бір жұмыстарды жүргізу немесе күзет қою мүмкін емес. 

 Едірес Жанапин, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары: 

 - Қайда апарады, не істейді? Оған көп қаражат керек. Бұл мәселені Үкімет шешпесе, жергілікті әкімдікте ондай қаражат жоқ.

Сағындық Сәбитұлы  

Хабарламаларға жазылу