Соңғы бір жылда мыңнан астам термин сөз бекітіліп, қолданысқа енген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы бір жылда мыңнан астам термин сөз бекітіліп, қолданысқа енген

10.09.2020

Соңғы бір жылда 1000-нан астам жаңа термин төл тілімізге ыңғайланып, қолданысқа енген. Олардың арасында банк ісіне, шекараға, әскери салаға, тіпті, шахматқа қатысты сөздер көп. Ал жалпы қазір біздің сөздік қорымызда 27 мыңнан астам термин бар. Олардың бәрі тіл ғалымдарының мұқият тексеріп, жан-жақты зерттеп, мақұлдауымен бекітілген. Бүгін ғалымдар медицина, физика, химия мен ақпараттық технология саласында аударылған сөздердің қаншалықты дұрыс аударылғанын қарастырды.

Әділбек Қаба, тіл саясаты комитетінің төрағасы:

- Өзге тілдегі кез келген сөздердің, ғылыми атаулардың мемлекеттік тілге аударылуы тілдің тазалығын сақтауға, ертеңгі күні аударма кезінде, болмаса басқа да ғылыми жұмыстарды дамыту кезінде аса қажет.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу