Қазақ тілін меңгергендердің үлесі 82 пайыздан асқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілін меңгергендердің үлесі 82 пайыздан асқан

04.04.2017

Соңғы екі жылда елімізде 8 мыңнан астам термин бекітілген. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

Министр келтірген мәліметтер бойынша, өзге тілдерден енген көп сөз аудармасыз сол күйінде сақталады. Мысалы, 2014 жылғы желтоқсан айында ауызекі тіл қолданысындағы шаптырма, субұрқақ сөздері xалықаралық қолданыстағыдай фонтан боп қайта өзгертілді. Күйсандық - фортепиано, пианино, оташы - xирург сөзіне, мұражай - музей, қисын - логика, сазгер - композитор, ғаламтор - интернет болып бекітілді.

Сонымен қатар, терминкомда бекітіліп, жарыспалы түрде қолданылып жүрген бірқатар термин қайта қаралып, реттелді.

Бұдан басқа, қазақ тілін меңгеру бойынша оң өзгерістер бар екендігі айтылды. 2016 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 82 пайыздан, ал, үш тілді меңгерген қазақстандықтардың үлесі 20 пайыздан асқан.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу