Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер қашықтан оқыту жүйесіне шағым айтып, екі елмен арадағы шекараны ашуды өтініп отыр. Студенттердің кейбірі көрші елде жалдамалы пәтердің ақысын төлеп қойған. Біреуі онлайн сабақтарға қосылудың қиындықтарын айтады. Жалына орта есеппен 130 мың рубль төлеп оқитындар дұрыс білім алып жүрген жоқпыз деп өкпелі. Ресейде олардың жылы киімдері мен үй техникалары да қалып қойған. Қазақстандық студенттер, негізінен Омбы, Новосібір, Мәскеудегі университеттерде оқиды.
Фариза Мұсақызы