БҚО-дағы Қособа ауылының тұрғындары өз қаржысына мектеп салып, іске қосты. Бұған себеп - көп жылдан бері балалардың көрші елді мекенге барып-келіп оқуы. Бастауыш мектептің құрылысына ауылдағы ағайын бір кісідей жұмылып, 10 млн теңге жұмсаған. Сыныптар кең де жарық. Оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Тіпті, спорт залы мен асхана да қарастырылған. Алдағы күндері мектеп жанынан шағын орталық ашу да жоспарланып отыр.
Сәния Орынғалиева, Қособа ауылының тұрғыны:
- Жаңа мектептің ашылу салтанатты болып жатыр. Ауыл әкімдері мен тұрғындары барлығы көмектесті.
Рауан Диәли