Үндістан коронавирус жұқтырудан Бразилияны басып озып, әлем бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. Өткен тәулікте мұнда 91 мыңға жуық адамнан COVID табылып, мұндай науқастардың жалпы саны 4,2 миллионға жетті. Сонымен қатар, Үндістанда қауіпті инфекциядан 71 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Осыған қарамастан елде кейбір кәсіпорындар қайта ашылып, Дели метросы бес айдан бері алғаш рет жұмыс істей бастады. «Рейтер» агенттігінің дерегінше, соңғы 24 сағатта планетада COVID-19 вирусын жұқтырғандар 27 миллионнан, ал одан жан тәсілім еткендер 885 мыңнан асып кеткен.
Арыстан Рысбек