Павлодардағы түзету мекемесінде жазасын өтеушілерге белгісіз біреулер дронның көмегімен ұялы телефон өткізбек болған. Күзетте тұрған полицей пилотсыз ұшу аппаратының мекеме аумағына қонғанын байқаған. Тексере келе пакетке оралған екі ұялы телефон мен екі SIM-карта және қуаттағыш табылды. Қазір сараптама жасалып жатыр. Әзірге бұл заттардың кімге тиесілі екені белгісіз.
Болат Аманбаев