Чехияда 9 сағат бойы ұшатын дрон жасап шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияда 9 сағат бойы ұшатын дрон жасап шығарылды

18.05.2017

Чех компаниясы автономды түрде 9 сағат бойы тоқтаусыз ұша алатын дрон жасап шығарды. Бұл  - рекордтық уақыт бойы әуеде қалықтай алатын алғашқы пилотсыз аппарат.  Бір ерекшелігі, бұл дрон іштен жану двигателімен жұмыс істейді. Ал, қазіргі шағын дрондар электрлік мотор арқылы ұшады. Аппарат шекара мен жағалауларды, өрттің таралу аумағын және мұнай мен газ құбырларын бақылау үшін қолданылады. Чехиялық компания жаңа өнер табысын Таяу Шығыс, Оңтүстік Америка, Қытай мен Аустралияға экспорттамақ.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу