Елордадағы «Шапағат» базарында карантин талаптарының бұзылғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы «Шапағат» базарында карантин талаптарының бұзылғаны анықталды

04.09.2020

«Шапағат» базарына карантин талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынады. Сауда орнына арнайы рейд жасаған әкімдік, санитарлық қызмет және учаскелік полиция өкілі осындай шешім шығарды. Тексеріс барысында карантин талаптарының бірнеше түрі орындалмағаны анықталды. Бастысы кірген адамдардың санын шектеп тұрған қызметкер жоқ. Қалың адамның арасында әлеуметтік ара қашықтық сақтау да мүмкін емес. Кей орындарда әлеуметтік ара қашықтықты көрсететін жолақ болмаған. 

Асыл Сералы, Байқоңыр ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы:

- Бұл жерде маска режимі орындалмайды. Санитайзерлер орналастырылмаған. Термометрия жүргізілмейді.

Айыппұл жалға орын алып отырған кәсіпкерлерге емес, базар иелеріне салынады. Ал әкімшілік айыппен келісіп отырған жоқ. Ара қашықтық жолақтары өшіріліп қалғанын, ал санитайзерлердің кейбірін тексерушілер көрмей қалғанын айтады. Ал кіреберіске дене қызуын өлшейтін қызметкерді бірден қойды.  

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу