Шығыс Қазақстандағы Елеке сазы жазығынан сақ дәуірінде жасалған алтын бұйымдар табылды. Тарбағатай ауданында жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулерге профессор Әбдеш Төлеубаев жетекшілік етеді. Ғалымның айтуынша, табылған 850 алтын артефактінің барлығы салтанатты ат шеруіне арналған. Біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырлар жасалған ат әбзелдері сақ қоғамының патшасына тиесілі деген болжам жасалуда.
Барқытбел қойнауындағы Елеке сазынан табылған құнды жәдігерлер бір-біріне ұқсамайды. Ғалымдардың пікірінше, ежелгі шеберлер бірін-бірі қайталамауға тырысқан. Үлкен құлақты жолбарыс-пантера үлгісінде жасалған алқа археологтардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Ат-әбзелдерінің дені жұқа алтын фольгадан әзірленген.
Берік Көшербай