Елеке сазынан тағы да ерекше жәдігерлер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елеке сазынан тағы да ерекше жәдігерлер табылды

16.07.2021

Шығыс Қазақстандағы Елеке сазы жазығынан сақ дәуірінде жасалған алтын бұйымдар табылды. Әшекейдің бірінде басында тәжі бар және тақта отырған адамның суреті бар. Археологтардың пікірінше, құнды бұйым сол замандағы патшаға тиесілі болған. Жалпы, Алтайда көне тарихтан сыр шертетін қорған көп. Солардың біразы Тарбағатай ауданындағы «Елеке сазы» жайлауында орналасқан. Қойнауы құпияға толы өңірде археологиялық қазба жұмыстары 3-4 жыл бұрын басталған. Атақты археолог Зейнолла Самашевтың айтуынша, бұл жердегі зерттеулер барысында көне тарихымыз бойынша көптеген сауалдарға жауап табуға болады.

Зейнолла Самашев, археолог, тарих ғылымдарының докторы:
Бұл енді көне түркі мәдениетін зерттеушілердің алдында, бірінші рет ашылып отырған жаңалық. Тақтың бар екенін білетінбіз, бірақ оның түрі қандай, қалай әшекейленді, соны білмейтінбіз. Осының бәріне жауапты осы салпыншақтарда салынған суреттер, жанрлық композиция береді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу