Елордада аналарды да, балаларды да тегін оқытатын «Білім ал» орталығының тұсауы кесілді. Мекеменің жұмысы сәуір айында басталған. Бірақ жұмысты жүйелі жалғастырудың мүмкіндігі енді берілді. Мұнда көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек балалары бар ата-аналар балаларымен келіп білім ала алады. Орталықтағы 10 шақты ұстаздың көмегімен үлкендер компьютерлік сауатын ашып, құжат тапсыруды үйренсе, балалары ағылшын, араб тілдерін меңгеріп, шахмат, тоғызқұмалақ, домбыра үйірмелеріне қатысады. Бұдан бөлек, қосымша сабақтар бойынша білім беріледі. Ал орталыққа келемін деушілер әлеуметтік парақшалар арқылы өтініш беруге болады.
Гүлмира Досанова, көпбалалы ана:
- Компьютерлік сауаттылық жағынан тиімді.
Ұлжан Мырзагелдиева, «STRONG MOTHERS NS» қоғамдық қоры «Bilim аl» орталығының мұғалімі:
- Қазақстан республикасында төтенше жағдай жарияланып, ата-аналар құжат тапсырудан қиналды. Сондықтан біз қазір бір айдың ішінде 30 ананы оқытуды жоспарлап отырмыз.
Раушан Сайлауқызы