Ыстықкөлде коронавирус жұқтырған 2621 адам анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыстықкөлде коронавирус жұқтырған 2621 адам анықталды

02.09.2020

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында коронавирус жұқтырған 2621 адам тіркелді. Олар шілденің 18-і мен тамыздың 29-ы аралығында жүргізілген тексеріс кезінде анықталған. Коронавируспен күрес жөніндегі штабтың хабарлауынша, науқастарға медициналық көмек көрсетілді. Өңірде 500 мыңнан астам тұрғын тексеруден өткен. СOVID-пен күресу мақсатында ашылған 119 стационардың жұмысы тоқтап, науқастар ауруханаларға жіберіліп жатыр. Жалпы, Ыстықкөлде пандемия басталғалы 3700-дей адамнан коронвирус табылған.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу