Brent маркалы мұнай бағасы 46 долларға дейін өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Brent маркалы мұнай бағасы 46 долларға дейін өсті

02.09.2020

Әлемде қара алтын құны өсті. Brent маркалы мұнайдың баррелі 45,98 долларға, ал WTI 43,13 долларға сатыла бастады. Бағаның қымбаттауына карантин талаптарының жеңілдеуі себеп болған сыңайлы. 

АҚШ пен Қытайда өндірістік сектор жанданып, энергетикалық ресурстарға сұраныс артты. Мұнай құнының көтерілуіне Америкада отын қорының азаюы да өз ықпалын тигізген. Дегенмен, ОПЕК елдері COVID-тің екінші толқыны бағаны тағы түсіре ме деп алаңдап отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу