700 мың қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалана алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

700 мың қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалана алады

01.09.2020

Келер жылы 700 мың қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады. Мемлекет басшысы Жолдауда Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе жыл соңына дейін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Белгілі экономистер де бұл шешімді қолдап отыр. Себебі салымшылар өз жинағының бір бөлігін үй алуға, емделуге немесе қаржы ұйымдарына басқаруға беруі құптарлық іс дейді. 

Мақсат Халық, экономист, GSB UIB директоры:

- Мұның тиімді жағы бар: азаматтар қаржылық сауатты бола бастайды. Өзінің зейнетақы қорындағы ақшаны қадағалай бастайды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу