Қос палаталы Парламенттің жаңа сессиясы ашылғалы тұр. Депутаттардың алдында қандай мақсат пен міндет тұр? Өткен сессия несімен маңызды болды? Қабылданған жаңа заңдар әкелген өзгеріс... Осы сұрақтарға Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ұлттық арнаға берген сұхбатында жауап береді.
Жоғарғы палатаның төрағасы Ата заңымыздың 25 жылдығына кеңінен тоқталып, Конституцияның елдігімізді нығайтудағы рөлі, ширек ғасырдағы өткерген өзгерістер жайлы айтып берді. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев тамыздың тағы бір маңызды датасы – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін де елеусіз қалдырмады. Семей полигонын жабудың маңыздылығы мен өзге де өзекті мәселелерге қатысты Сенат төрағасының сұхбатын сағат 20:30-да көре аласыздар.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Сынақтардың күші Херасимаға түскен қарудан 2500 есе артық болғанын сарапшылар айтып жүр. Және халыққа қандай зардабы болатынын тексерген. Бұл енді халыққа қарсы қылмыс деп айтуға болады.
Альбина Әшім