Түркістанда қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 300 адамды алдағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 300 адамды алдағандар ұсталды

31.08.2020

Түркістан облысында 300-ден астам азамат қаржы пирамидасының шырғалаңына іліккен. Олардың ішінде Жетісай, Мақтарал және Шардара аудандарының тұрғындары бар. Жәбірленушілердің арызы негізінде облыстық полиция департаменті алаяқтық істі ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше адамды қамауға алды. Олардың кеңселеріне тінту жүргізіліп, құжаттар, компьютерлер және басқа да айғақты заттар тәркіленді. Полицейлер жәбірленушілер саны мұнан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Шығын көлемі анықталуда.

Қайрат Дәлбеков, облыстық Полиция департаментінің басшысы:

- Қазіргі таңда 70-тен астам жәбірленуші арызбен келді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қаржы пирамидасын ұйымдастырған 3 азамат қамауға алынды. 

Алматы қаласында да тап осындай қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың әрекетін әшкере етуге байланысты операция жүргізілді. «B2B Jewelry» атауымен танылған инвестициялық ұйым зергерлік дүкендер желісінің атын жамылып, әрекет еткен. Олар тұрғындарға сатып алынған әрбір зергерлік бұйым бағасының 104 процентін «кэшбэк» есебінде қайтарып беруге кепілдік берген. Сондай-ақ тұтынушыларды алтын және күміс сыйлық сертификаттарын сатып алуға үгіттеген. Мұндай сертификаттар жылына өз бағасынан б5 есе пайда әкеледі деп сендірген. Экономикалық тергеу департаменті қазір осы іске қатысты бір топ адамды жауапқа тартуда. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу