Елордадағы қонақүйлердің бірінде індетке қарсы тұрған дәрігерлердің суреттері ілінді. Идея авторы - суретші Руслан Мазунин. Руслан бұған дейін де ақ халаттыларға құрмет ретінде салған суреттерін бас қаладағы «Атырау» көпіріне жайғастырған еді.
Бұл жолғы фотогалерея жұқпалы аурулар ауруханасының медқызметкерлеріне арналып отыр. Айтуынша, француздық әріптесінен шабыт алып, осындай көрме ұйымдастыруды қолға алған. Ол соңғы кездері көңіл құлазытатын жаңалықтар қажытып жібергенін айтады. Сондықтан осы іспен дәрігерлерге алғысын жеткізіп, мейірім шуағын шашуды жөн көрді. Әрі игі бастама жер-жерде жалғасын тапса деп үміттенеді.
Ләйлә Дулатқызы