Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлер жайы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлер жайы

07.06.2020

Би-би-си миллиардер, филантроп Билл Гейтстен коронаврусқа қарсы вакцина ойлап табуға байланысты сұхбат алған, Гейтс бұл идеяны іске асыруға септесіп жатқандардың бірі. Сонда «адамдарды чиптеу туралы» соңғы уақытта қаптап кеткен әңгімелерді сұрапты. Конспирологиялық теориялар жайлы ондай әңгімелерде Гейтстің аты аталады. Адамдарға вакцина егу арқылы чиптеу, қысқа қайырғанда.

Билл Гейтс: «Бұл өсек пен ғылымға қарсы пікірлер адамдар арасында дұшпандық орнатады. Ал осы ақылға сыймайтын дүнелерді таратуға цифрлы құралдардың пайдаланылатыны алаңдатады. Вакцина тауып, қауымдық иммунитет қалыптастыруға жетуіміз керек... Ал вакцина табылғанда адамдар оны афера, вакцина қауіпті деп есептесе, вирус адамдарды өлтіре береді»,- деген. Өзінің сөзімен айтсақ, ол ақымақ идеяларға алаңдайды, ол «теориялардың» кейбірі өзімен байланысты айтылатынына таңданады. Тіпті күлкісі келеді.

«Бүкіл әлемді чиптеу заговоры» туралы әсіресе Ресейде көп айтылып жүргені мәлім. Тіпті, атақты режиссер Н.Михалков тұтас бір хабар дайындап, кейін эфирден алып тастағанда «цензураға» шағымданған.

 Сонымен, вакцина жоқ. «Алғы шепте» жүрген дәрігерлерімізге қол шапалақтаудан басқа не істеліп жатыр? Қол шапалақтау күлше болмайды.

Ақерке БЕКТАС


Хабарламаларға жазылу