Ел арасында «Қара бүркіт» аталып кеткен Жітіқара түрмесінің басшысы ұсталды. Ол сотталушыдан 700 мың теңге көлемінде пара алған. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол бұл қызметке өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалған.
Абылай Ибрагимов, ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:
- 700 мың теңгені сотталған тұлғадан қамқорлық көрсеткені үшін талап еткен. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Дәуренбек Әбдібек