Бүгін таңертең Орал қаласының іргесінде қолдан құрастырылған ұшу аппараты құлап, 70 жастағы ұшқыш ауыр жарақаттан көз жұмды. Полицияның мәліметі бойынша, құрылғы 500 метр жердегі саяжайдан ұшқан. Бірақ биікке көтеріле беріп, кері құлдилаған. Көршілері қаза тапқан қарияның бұрын әскери ұшқыш болғанын айтады. Аппаратты ол 10 жылға жуық құрастырған. Алайда тиісті органдарға құрылғыны тіркемеген және ұшу-қонуға рұқсаты болмаған.
Ақылбек Ахметжанов, ТЖД басшысының орынбасары:
- Бәрін қолдан жасаған. Бір кісілік ұшу аппараты. Апаттың неден болғаны анықталып жатыр.
Рауан Диәли