«Nur Otan» праймеризінің әділ өтуі маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» праймеризінің әділ өтуі маңызды

27.08.2020

Праймериздің әділ өтуін байқау, жергілікті атқарушы биліктің сайлау нәтижесіне ықпал жасауына жол бермеу. «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының басты ұстанымы осы. Солтүстік Қазақстан облысына барған лига өкілі Қазбек Майгелдинов жергілікті белсенділер және үміткерлермен кездесті. «Депутаттар құрамын жаңарту арқылы ғана еліміздің саяси өміріне өзгеріс енгізуге болады», - дейді ол. Партия жақтастары тек облыс орталығында ғана емес, бірнеше ауданда болып, сайлаушылармен кездеспек.  

Қазбек Майгелдинов, «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының өкілі:

- Облыстағы, аудандағы, қаладағы мәслихаттарда баяғы депутаттар отыр. Яғни, бұл депутаттар бірінші, екінші кезекте де болған. Олардың орны мызғымастай болып елестейтін болған. Қазіргі таңда басты мақсат - жастарды әкелу.

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу