Петропавлда 200 орындық стационардың құрылысы басталды. Емдеу мекемесі биыл қазан айында қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Сонымен қатар, жұқпалы репспираторлық аурулардың алдын алу мақсатында 60 мың вакцина сатып алынып, тұрғындарға егілмек. Осылайша қазір өңір дəрігерлері індеттің екінші толқынына дайындалуда.
Нұрлан Айманов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Емдеу мекемлеріндегі қажетті құрал-жабдықтарымыз жеткілікті. 112 өкпені жасанды желдеткіш аппараты мен 312 оттегі концентраторы бар. Дəрігерлеріміз коронавируспен сыртқаттанған науқастарды емдеді, тəжірибе жинады.
Сағындық Сәбитұлы