Сыр диқандары күрішке орақ салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр диқандары күрішке орақ салды

24.08.2020

Қызылордалық диқандар күрішке орақ салды. Биыл өңір шаруалары 89 мың гектардан астам жерге дəн септі. Ауа райы қолайлы болса, диқандар алдағы бір айда алқапты түгел жинап аламыз деп отыр.

Биыл шаруашылықтардың дені күріштің «Сыр сұлуы» деп аталатын жаңа түрін екті. Жаз бойы тəжірибеден өткізді. Жаңа сорт жергілікті климатқа шыдамды, дəні толымды, басқа сорттарға қарағанда 10-15 күн ерте пісті. Суды да көп қажет етпейді.

Дəулет Жүнбеков, шаруа қожалығының төрағасы:

- Ол күріштің бір тиімділігі – ерте піседі екен. 

Сыр диқандары барлығы 89,5 мың гектар жерге күріш екті. Мамандар биыл орташа есеппен əр гектардан 50-55 центнерден өнім жиналатынын айтады. Науқанға қажетті техника түгел. Жанар-жағармай да қат емес. Ендігісі, шашау шығармай, егінді жинап алу.

Сейілбек Нұрымбетов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Егілген күріштің 70 пайзының жағдайы жақсы. 24-25 пайызы орташа, қалғаны орташадан төмен деп бағалап отырмыз.

Биыл Сыр диқандары судан тапшылық көрді. Тіпті 400 гектар алқап қурап қалды. Шаруалар енді осындай қиыншылыққа тап болмас үшін келесі жылы суды аз қажет ететін «Сыр сұлуын» молынан екпек.

Тəжімұрат Жомартұлы

Хабарламаларға жазылу