Вице-премьер бірқатар нысанның санитарлық талаптарын тексерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вице-премьер бірқатар нысанның санитарлық талаптарын тексерді

24.08.2020

Жұмысына қайта кіріскен нысандарда санитарлық талаптар қатаң сақталған. Бұл - бүгін елордадағы бірқатар нысандарды тексерген Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың бағасы. Десе де, індет толық ауыздықталғанша, сақтық шаралары барынша сақталуы тиіс. «Əйтпесе, карантин қайта қатаңдатылуы ықтимал»,-деді вице-премьер.

Вице-премьер бастаған топ алдымен адам аяғы көп «Мега» сауда-ойын-сауық орталығына келді. Талапқа сай келушілер бетперде киіп, ара қашықтық сақтап жүр. Ішінара маскасыз жүргендерге Ералы Тоғжанов ескерту жасады.

Ал, бұл «Эталон» сауда құрылыс базары. Мұнда да, санитарлық талаптар қатаң сақталған. Маскасыз адам жоқ. Сауда тəртіпке сай жүріп жатыр.

Ал, бұл қашан көрсең, тірлігі қайнаған Орталық базар. Дүйсенбі болса да, адамы көп, саудасы қызып тұр.

Базар сенбі-жексенбі күндері де жұмыс істейді. Бірақ демалыста қоғамдық көліктер жүрмейді. «Ал бұл келушілерге кедергі»,-деп шағымданды саудагерлер.

Жабық нысандарда нəпақасын тауып тұрғандар да вице-премьерге өз тілектерін жеткізді.

Кəсіпкерлердің сұрауы бойынша, алдағы уақытта сауда-ойын-сауық орталықтары 22:00-ге дейін, ал базарлар кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеуі ықтимал. «Осы аптада өтетін Үкіметтік комияссия отырысында нақты шешім қабылданады», - деді Ералы Тоғжанов. Ал елдегі эпид-жағдай жақсы болса, тағы бірқатар бизнестің жұмысы қайта жанданбақ. 

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу