Серік Жұманғарин: Екібастұздағы жылу электр орталығын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі әлі де жіті зерттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Жұманғарин: Екібастұздағы жылу электр орталығын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі әлі де жіті зерттеледі

06.12.2022

Екібастұздағы жылу электр орталығын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі әлі де жіті зерттеледі. Мұны Вице-премьер, Сауда және интеграция министрі мәлімдеді. Яғни, стратегиялық маңызды нысанның техникалық жағдайы толық зерттелуі қажет. Жалпы Вице-премьер дәл қазір орталықтың кімнің меншігінде қалатыны емес, қала халқын толық жылумен қамту мәселесі анағұрлым маңызды екенін айтады.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:
Әрине, дұрыстап зерттеу жасау керек. Қазіргі уақытта ТЭЦ-тің жағдайына қарап, сол себепті оған қанша қаражат керек. ТЭЦ-тің желілерін салуға. Ертең бүкіл ауыртпашылықты Үкімет өзіне ала ма, ертең ТЭЦ-ті бір теңгеге сатып алып, ертең бір миллиард теңге шығын болмасын.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу