Спорт саласына бөлінген мемлекеттік грант тым аз. Балалары оқуға түсе алмаған 40-қа жуық ата-аналар осылай деп шағымдануда. «Балаларымыз кішкентайынан жаттығудан көз ашқан жоқ. Талай жарыстардан оза шапты. Енді оқуға түспеуі əділетсіздік»,- дейді олар. Алаңдаулы ата-аналар қосымша грант бөлінсе дейді. Себебі ақылы оқытуға көбінің мүмкіндігі жоқ.
Ал өз кезегінде Білім жəне ғылым министрлігі биыл бұл салаға гранттың көп бөлінгендігін айтып отыр. Жазира Оразқызы баяндайды.