Жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған жəне көпбалалы отбасылардың балаларына компьютерлер үлестіріліп жатыр. Қазақстан коммунистік халық партиясы «Шапағат» жобасымен бірлесіп, «Мектепке жол» акциясын бастады. Енді демеушілер қолдауымен оқушыларға 40 компьютер беріледі.
Сонымен бірге 3 мыңға жуық балаға оқу құралдары таратылады.