Алматының таулы аймағында белгісіз біреулер жүздеген жеміс ағашын тамырымен жұлып, жол салып тастаған. Көпшіліктің демалыс орнына айналған аумақ жуық арада қоршауға алынып, жекеге өтуі мүмкін. Осыны естіген экологтар дабыл қағып, кінəлілерді жазалауды талап етуде. Ал тұмса табиғатқа қанша шығын келген? Кінəлілер анықталса, қандай жазаға тартылады? Нұрхан Нұрланұлы баяндайды.