Ақтөбеде тағы бір провизорлық орталық жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде тағы бір провизорлық орталық жұмысын тоқтатты

19.08.2020

Ақтөбеде COVID-19 індетіне шалдыққандардың 92 пайызы жазылып шықты. Тек соңғы тəулікте тəуір болған 137 адам үйлеріне жіберілген. 

Сондай-ақ өңірдегі тағы бір провизорлық орталық жұмысын тоқтатты. Бұл сауықтыру мекемесінде пандемия кезінде 400-ге жуық науқас емделген еді. Оларға 33 дəрігер қызмет көрсетті.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу