Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Əдеби аялдама» пайда болды. Ол үш бөлімнен тұрады. Алғашқысына Абайдың үлкен портреті мен мерейтойлық логотипі жапсырылып, он бесінші қара сөзі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған.
Екінші бөлімінде Қасым Аманжоловтың «Қарағанды» өлеңі, «Абайға айтарым» шығармасы тұр.
Үшінші бөлімде Мұқағали Мақатаевтың Абайға арнаған «Дала данышпаны» жəне Сұлтанмахмұт Торайғыровтың хакім жайлы «Асыл сөз» өлеңін оқуға болады.
Болашақта туындылар түнде де көрінуі үшін шамдар да орнатылады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта «Əдеби аялдама» санын көбейтіп, оған ақындар мен жазушылардың шығармаларын жариялап отырады.
Руслан Нұрланұлы