Қостанай облысында егіннің 12 пайызы күйіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында егіннің 12 пайызы күйіп кеткен

14.08.2020

Қостанай облысында жаз бойғы аптап ыстықтан 500 мың гектар танап күйіп кетті. Облыс бойынша биыл 4,8 млн гектар жерге дән себілді, қуаңшылықтың кесірінен соның 12 проценті жарамсыз күйге түсті. Қазір Қамысты ауданының диқандары егінге орақ салғанмен, биылғы шығым айтарлықтай емес дейді. Өткен жазда да ауа райы қолайсыз болып, аудан диқандары әр гектардан 2 центнерден ғана өнім алған. Ал, биыл қуаңшылықтың кесірінен шығынға батқан шаруаларға мемлекет есебінен өтемақы төленбейді, себебі егістік алқаптары сақтандырылмаған.    

Төремұрат Өтепов, Шаруа: 

Ауа райы деген қайнап, ысып кеткенде 40-45 градусқа дейін барып қалды ғой. Сондықтан шығынданып қалдық. Бірақ соңғы жауындар шамалы көмек берді. Әсіресе мынау соңғы сепкен егістерге. 20-25 пайыз егістеріміз қиналып қалды.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу